Жаңалықтар

Балалар кітап әлемінде

2022 – балалар жылы кітапханамызда тың өзгерістермен, жаңа жобалармен басталды. Атап айтсақ, әлем және қазақ әдебиетіндегі балаларға арналған түрлі жанрдағы туындыларды қамтитын “Балалар кітап әлемінде” атты кітап көрмесі өз оқырмандарына жол тартты. Кітапхана қызметкерлері “ҚазАқпарат” халықаралық ақпарат агенттігіне сұхбат беріп, балалар жылында атқарылатын іс-шаралар жоспарымен, балаларға арналған түрлі бағдарламалардың қызметімен таныстырды. https://www.inform.kz/kz/oskemende-balalar-kitap-aleminde-atty-korme-ashyldy_a3889295 #балалар_жылы #балалар_кітапханасы #қазақпарат

Кітапханалық туризм

«Жолдағы кітаптар сапары» акциясы

✅ Библиотуризм аясында өткізілген «Жолдағы кітаптар сапары» акциясы бұл жолы «БелАлекс» фирмасының қолдауымен теплоходта өтті.🛳 Кеме жолаушылары үшін шығысқазақстандық жазушы Елена Липилинаның акцияға қатысуы тосынсый болды. Олар өз шығармаларынан үзінділер оқып, шеберлік сабақтарын өткізді. «Өлеңнен кейін» (шеберлік сағатының бірі осылай аталады) қатысушылардың кез-келгені ақын ретінде өздерін сынап көрді. Кітапхана өзінің үздік оқырмандарын да қуантуды шешті: …

Кітапханалық туризм

Поезд Өскемен – Алтай

Жаздың жайдарлы күнінде Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай ҚР Ұлттық Академиялық Кітапхана сының бастамасымен «Кітапханалық туризм» жобасы аясында ұйымдастырылған «Жолдағы кітаптар сапары» атты шара өз жалғасын табуда. Естеріңізде болса, аталмыш жоба алғашқы сапарын «Solux Express» ЖШС-нің қолдауымен 26 мамыр күні «Өскемен-Риддер» бағытына жүретін поездан бастаған еді. Енді міне, «Өскемен-Алтай» бағытындағы жолаушылар …

Дарынды балақай

Тоқымбай Разия Кемелқызы

Мен, Тоқымбай Разия 06.05.2005 жылы дүниеге келдім. Жастайымнан сурет өнерімен, оригами, мүсіндеу сияқты бейнелеу өнерінің түрлеріне қызықтым. Тек сурет салу туралы айтсақ, мен оны 3 жасымнан бастадым. Ал мектеп табалдырығын мен 6 жас толғанда аттадым.  Қ.Нұрғалиев атындағы мектеп гимназиясында білім алдым (кейін лицей). Мектеп кездерінде менің шығармашылыққа деген ынтамды оятқан сабақ-бейнелеу өнері пәні. Сол пәннен …

Жаңалықтар

«Читающие дома»

«Читающие дома» жобасының кезекті кездесуі балалардың ғана емес, сондай-ақ ата-аналардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятудан басталды. Жоба қатысушылары көпбалалы отбасылар болғандықтан, ата-аналарға бала тәрбиесінде ақыл-кеңес, отбасы құндылықтары мен өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдауға көмекші құрал бола алатындай кітапхана қорындағы екі тілде жазылған бірнеше кітаптар оқуға ұсынылды. Көпбалалы аналардың айтуынша бір отбасыда тәрбиеленіп жатқан …

Жаңалықтар

“Шуақты кітаппен кездесу”

Спортпен шұғылданып және кітап оқуды ұнататын оқырмандар үшін аулада “Шуақты кітаппен кездесу”атты әдеби воркаут ұйымдастырылды. Ашық аспан астына жиналған оқырмандар «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында, «Балалар әдебиеті» бөліміне еніп, оқуға ұсынылған жазушылар: Ы.Алтынсариннің «Өнер –білім бар жұрттар», Б.Соқпақбаевтың «Жекпе-жек», М.Қабанбаевтың «Жиhангез Тити», Т.Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн», З.Наурызбаева, Л.Калаустың «Алтын тостағанды іздеу», М.Айымбетовтың …

Жаңалықтар

Домбыра party

Кітапхана ұжымы шілде айының алғашқы жексенбісіне белгіленген Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай ашық аспан астында, қаламыздағы ең бір көрнекті саябақтардың бірі – жыр алыбы Жамбыл атындағы саябақта «Қоңыр сазы жүректе» атты домбыра-party ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – ұлтымыздың үні болған киелі аспабымызды әспеттеу, оның қоңыр үні арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, Ұлттық домбыра күнінің бұқаралық сипатта …

Дарынды балақай

Төлеубек Шағала

Төлеубек Шағала   ***  Сырласым боп қара өлең, Арманға бірге барады. Өзен боп тасып қара өлең, Арындап, шалқып ағады.   Өлеңім-жалғыз серігім, Түсінер өзге мені кім? Мақсат пен үміт жұптасқан, Өлеңім, өзің сенімім.   Өлеңім менің барында, Шабытым менің арында. Өлеңмен әрілеп әлемді Алқасын жырдың тағында   ***  Сезімімді алдадым өзгеменен, Ұмытар деп жүрегім мәңгілікке. …

Дарынды балақай

Тілеубай Мұхаммед

Тілеубай Мұхаммед                            *** Шабыт кейде келеді, түн ішінде. Өткеніменен келетін күн үшін бе? Ойдың үзік, қиялмен армандары, Тоғысады тағдырдың жүрісінде,   Арман деген ұқсайды санамаққа. Шынымен бұл өмірде баға жоқ па? Жете алмадым ауылым саған қарай, Сағыныштан айналдым пана жоқға.   Естісем туған елдің әуендерін. Оқысам туған елдің өлеңдерін. Тең келмей қалады екен, …

Дарынды балақай

Ибағат Серікболқызы

Ибағат Серікболқызы *** Білесіз бе, сізді ойлап таң атырам. Арманмен оянамын жаңа туған. Сіз сезбейтін тұншыққан жан сырымды Жүрегімнің түбіне сала тұрам.   Ал сіз мені кінәлап үнсіз дейсіз. Менде жатқан сезімді дым сезбейсіз. Әлде, аға, расымен біле тұра, Әдейі білмегендей жүргендейсіз.   Білесіз бе? Сіз жоқ жерде далада күз сүреңсіз. Қыз жанын білсеңіз, сіз …