Тұрсынбаев, Бәделқожа (1905-1967) – балалар жазушысы. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Батпақты Бұлақ ауылында дүниеге келген. Ауылдық кеңесте хатшы, Семей облыстық «Екпінді» газеті редакциясында қызметші, Алматы облысы Байсерке орта мектебінде директор және мұғалім қызметтерін атқарған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын сырттай оқыған. Қазақ КСР-не еңбек сіңірген мұғалім атағының иегері. Шығармашылығының 30-дан астам жылын балалар әдебиетіне …
