Кітапханалық туризм

Поезд Өскемен – Алтай

Жаздың жайдарлы күнінде Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай ҚР Ұлттық Академиялық Кітапхана сының
бастамасымен «Кітапханалық туризм» жобасы аясында ұйымдастырылған «Жолдағы кітаптар сапары» атты шара өз жалғасын табуда. Естеріңізде болса, аталмыш жоба алғашқы сапарын «Solux Express» ЖШС-нің қолдауымен 26 мамыр күні «Өскемен-Риддер» бағытына жүретін поездан бастаған еді. Енді міне, «Өскемен-Алтай» бағытындағы жолаушылар поезында жалғасуда. Жазғы демалыс – барлығымыз асыға күтетін уақыт. Жолаушылардың көбі Бұқтырма аймағындағы демалыс орындарына бара жатқандар. Кітапханашылар оларға демалыс уақыттарын тиімді өткізу үшін кітаптарды сыйға беріп, пайдалы ақпараттар бар үнпарақтар таратты. «Алтай бухтасы» демалыс базасындағы демалушыларға да оқырмандардың кітапханаға сыйға тартқан кітаптарын ұсынып, кітап оқуға шақырдық. Сондай-ақ, қандай да бір кітап немесе ақпарат қажет болған жағдайда http://kazneb.kz/, https://vkolibrary.kz/?lang=kz, https://kitap.kz/ сайттарынан қарап, оқуға кеңес берілді. «Кітапханалық туризм» жобасында кітапханашылардың негізгі мақсаты кітап оқуға шақырып, көрнекті жерлерді насихаттау.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған