«Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында Шығыс Қазақстан облысы балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін аудан кітапханаларында
1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні өткізілген шаралар бойынша есебі
![]()
|
1 маусым күні ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ Орталық балалар кітапханасы «Жамбыл» саябағында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Оқы, Өскемен…» акциясын өткізді. Кішкентай оқырмандарымыз акция барысында танымдық ойындарға қатысып, планетарийде «Таңғажайып әлем қызықтары» видео көрсетілімдерін тамашалап, «Шебер бала – Тепло детских рук» ART-алаңында болып, «Жазда кітаппен» атты кітап көрмесімен танысты. Көрмеде балалардың ой-өрістерін дамытуға арналған әдеби көркем шығармалар мен ертегілер, балалар энциклопедиялары және мерзімді басылымдар, балалардың қызығушылығын оятар көркем суреттермен безендірілген әдебиеттер ұсынылды. Сонымен қатар балалар түрлі спорттық ойындар ойнап, викториналарға қатысып, жұмбақтар шешіп, би билеп, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты. Іс-шараға белсенді қатысқан балаларға кітапханадан естелік сыйлықтар таратылды. Саябаққа келушілерге кітапханалық ақпарат парақшалары таратылды. Акцияға саябаққа келген барлық балалар қатысты.
|
![]()
|
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 2021 жылғы 01 маусымда сағат 14:00-де Семей қаласы ОКЖ Балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Instagram желісінде «Сөз бен бояу дуэті» Республикалық Интернет-конкурсының қорытындысын жариялау шарасын өткізді. Мақсаты: отбасылық оқу мәдениетін қолдау және дамыту, балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылығына мүмкіндік жасау. Іс-шараның басында жүргізуші онлайн – қатысушыларды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтады. Шарада кітапхана қызметкерлерінің орындауында «Үйшік» қуыршақ спектаклі көрсетілді. Қазылар алқасының құрамында: Осы байқауға баға берген әділқазылар мүшелері:Шәкәрім атындағы университетінің «Музыка және өнер» кафедрасының доценті, педагогика ғылымының кандидаты, суретшілер Одағының мүшесі Мырзаканов Мадвакас Сексембайұлы, Қазақ инновация гуманитарлық – заң университетінің оқытушысы Базарбаева Алия Тлепалдықызы және Балалар мен жастар шығармашылық сарайының ұйымдастырушы-педагогы Сатыбалдин Манарбек Болатбекұлы алдын ала баға беріп, жеңімпаздарды анықтап, дипломдарын табыстады. Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар: «Шығармашылық идея» номинация иегері Мұхтарұлы Нұрдаулет және анасы Кайырлханова Индира «Сөредегі кітаптың мұңы» атты ертегісі, «Креативтік сүрет» номинациясы бойынша Аманғазы Аяла Еркебұланқызы және анасы Кожамбердинова Зайра Шар қаласы Карелин атындағы орта мектептің 1 «Б» сынып оқушысы «Аяланың арманы» атты ертегісі, 3 орын Б.Момышұлы атындағы 34 мектептің 2 «А» сынып оқушысы Рамазанов Алинур және анасы: Тусупбаева Қымбат Рамазановна «Тұғыры биік тәуелсіздік» атты ертегісі, 2 орын «Радуга» балабақшасының бүлдіршіні Кеңесхан Мирас және анасы Жумагулова Жайдарман Талгатовна «Қасиетті нан» ертегісі, 1 орын «Мектеп жанындағы интернаты бар №48 жалпы орта білім беретін мектебі»Бақытбек Жанель және анасы Нургазина Индира Маметовна «Мейірімділік» ертегісі жүлделі орындарға ие болды. авторлық ертегілерін оқыды.Конкурс демеушілері, Шәкәрім атындағы НАО өнер және музыка кафедрасының доценті, т.ғ.к. Мырзаканов Мадвакас Сексембайұлы 1 орын иегеріне мозайка стиліндегі кескіндеме сыйласа, қалалық мәслихаттың депутаты Қажмұханбет Дулат Тасболатұлы барлық жүлдегерлерге кітап пен бояу қағазын сыйға тартты. Мереке музыкалық нөмірмен аяқталды. |
![]() ![]() |
01. 06.2021 ж. сағат 13-00-де Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Instagram «dub.semey» желісінде «Умка» клубы аясында 1 маусым кітапханмызда Балаларды қорғау күніне арналған «Балалық шақтың көңілді әлемі» атты ойын саяхат өтті.
Мақсаты: балалардың бойындағы білімге деген қабілеттерін ашу, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Балаларды қорғау дегеніміз – әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Балалар күнін өткізу жөніндегі шешім 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданады. Ал Халықаралық балаларды қорғау күні алғаш рет 1950 жылы атап өткізілді. Шара барысында балалар слайд арқылы «Бала кезімдегі ертегілер», «Портрет галереясы», «Қызықты викторина», «Кітап-білім бұлағы» атты викториналар ойнатылды. Мәдени шара балалардың қатысуымен өте көңілді , қызықты өтті. Балалар әртүрлі ойындар мен сайыстарға белсенді қатысып, сұрақтарға толық жауап беріп, өздерінің өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, балаларға қызықты жаңа кітаптар, журналдар мен дискілер көрмесі ұсынылды. Олардың қатарында әр тілдердегі халық ертегілері, танымдық энциклопедиялар мен «Айгөлек», «Балдырған», «Айтшы әжетай», «Балақан», «Мурзилка», «В мире животных» тәрізді журналдар бар.
|
|
Мақаншы балалар кітапханасында «1- маусым балаларды қорғау күніне орай Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Бүгінгі бала- білімді бала» атты библиошар өтті. Мақсат, отбасынан басталған бақытты балалық шақтардан Отанның ортан қолды азаматы болып жетілуіне, Отанын қорғауға,құрметтеуге, талма білім алуға, әдептілікке, адамгершілікке, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
|
![]() |
2021 жыл Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында 1 маусым Халықаралық балалаларды қорғау күніне орай “Әнші ,биші балақан !» атты 7-10 жас аралығында ән-би байқауы онлайн өткізілді.
Байқаудың мақсаты талантты ,дарынды бүлдіршіндерді анықтау,өнерлерін шыңдау. Балалардың белсенділігін арттырып,қолдау көрсету. Байқау екі номинация бойынша өткізілді.Вокал (жеке орындау), хореография (жеке би). Сайысқа 26 бала қатысты. Жеңімпаздар мәдениет бөлімінің дипломдарымен,барлық қатысушыларға кітапхана атынан алғыс хатпен,сыйлықтармен марапатталды. Әлеуметтік желіде ф/б ,ВК, инстаграмм парақшаларына жарияланып, 2000 мыңға тарта қаралым қаралды. (Ақжар балалар кітапханасы)
|
![]() ![]() |
Шемонаиха аудандық балалар кітапханасы «Книжки на прогулке» атты кітапханалық шара ұйымдастырды.
Кітапханашылар балаларға арнап кітаптар мен журналдардан саябақта ашық аспан астында кітап көрмесін дайындады. Балалар мен ата-аналар көрмедегі әдебиеттермен танысты. Арнайы безендірілген кітап көрмесінің жанында оқырмандар суретке түсіп, кітапханаға жазылып, кітаптар алды. |
![]() ![]() |
Риддер қаласының орталықтандырылған балалар кітапханасында Халықаралық балалар күніне арналған «Детство – время золотое» атты мәдени шара өткізілді. Балаларға мерекенің пайда болу тарихы әңгімеленді, слайд-тұсаукесермен ұсынылған кітап көрмесіне келесі кітаптар енгізілді: А. Шибаев «Игры с буквами и словами»; О.Н. Козак «Игры и забавы во время каникул и праздников»; Т.Б. Ладыгина «Стихи к летним детским праздникам» т.б.
Сонымен қатар «Әжетай» және «Балдырған» балалар журналдары да назарға ұсынылды. Шара соңында викторина және көңілді ойындар өткізілді.
|
![]() |
Кітап пен оқуды насихаттау, шығармашылық қабілетті дамыту мақсатында Риддер қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Почитаем, поиграем, отдохнем – время с пользой проведем» атты квест-ойыны ұйымдастырылды. Ойын «Разминка» және «Угадай персонажей по описанию» станцияларынан құрылды, онда балаларға ребустар мен жұмбақтар шешіп, түрлі ертегілер бойынша картинка лотосын жинау ұсынылды.
|
Үлкен Нарын балалар кітапханасында 1 маусым Халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған шаралар топтамасы өткізілді. Апта бойы кітапханашылар «Читающие дети умнее всех на свете» атты көңілді оқу минуттарын, «Нам жить в новом мире» суреттер сайысын ұйымдастырды, «Твист» көңілді ойынын ойнады, жылдамдыққа пазлы құрастырды, ертегіні қаншалықты білетіндерін анықтау мақсатында түрлі ертегі кейіпкерлеріне байланысты жұмбақтарды, ребустарды, виктоориналарды шешті. Барлық балаларға, шараға белсене қатысқандары үшін тәттілер таратылып, шағын сыйлықтар берілді.
|