Шемонайха аудандық балалар кітапханасы

Іс-шара

Шемонаиха аудандық балалар кітапханасында қазақ және орыс тілдерінде «Издано в Казахстане» жаңа өнімдер көрмесі ұсынылды.

«Читающее поколение Казахстана – 2021» акциясы аясында Ольга Лаврентьеваның «Сурвило» кітабының book dating – талқылауы өтті. Жасөспірімдер талқылау үшін жұмысты өздері таңдады. Кітапты София Копытова ұсынды. Кітаптың тұсаукесерінен кейін кездесуге қатысушылар Софияға: «Кітапты саған кім ұсынды?», «Ең есте қаларлық эпизодты айтыңыз?» сынды сұрақтарын қойды

https://ok.ru/profile/582826127810/statuses/152696225117634

Жазушы, сыншы және журналист Г.Д.Гребенщиковтың туған күніне орай Шемонаиха аудандық балалар кітапханасында «Вася и Васька» шығармасын дауыстап оқу ұйымдастырылды.

Көрнекті жазушы-жерлес, Шемонаиха қаласының құрметті азаматы Анатолий Ивановтың туған күніне «Человек большой судьбы» атты әдеби экскурсия өткізілді. Кітапханашы балаларды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырды, «Тени исчезают в полдень» романынан үзінді оқыды, онда автор Марьин утесті суреттейді, Шемонаиха қаласының көрікті жерлерін еске түсірді.

Балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында келесі іс-шаралар өткізілді:

«Новинки из книжной корзинки!» кітаптар шеруі, «В гостях у немецких сказочников» әдеби ойыны, «Н.Островский атындағы №1 ЖББОМ» КММ кітапханасымен бірлесіп жасөспірімдерге арналған жаңа көркем әдебиеттер туралы іс-шара өткізілді.

Балаларды қорғау күні балалар саябағында «Книжки на прогулке», «Ақбота» балабақшасының орта топ балалары үшін  «Должны смеяться дети и в дружном мире жить!» атты кітаптар мен журналдар көрмесі ұйымдастырылды.

Шемонаиха аудандық балалар кітапханасы Тебе и мне нужна земля» атты бір мезгілде дауыстап оқудың облыстық акциясына қатысты. Балаларға К.Паустовскийдің «Заячьи лапы» әңгімесі ұсынылды. Оқылғанды талқылағаннан кейін балалар қоршаған ортаны қорғау, әрбір кішкентай тіршілік иесінің өмірін бағалау керек деген ортақ пікірге келді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған