ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Страна, устремленная в будущее» жобасы аясында Семей қаласының ОКЖ 1 сәуір мен 25 мамыр аралығында «Дуэт слова и красок» интернет-байқауын өткізді, оған 10 жасқа дейінгі балалар қатысты. Байқау ережесіне сәйкес балалар өз ертегілерін құрастырды, оған үлкендер көмектесті. Жұмыстар Отан тақырыбына, туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілікке арналды. Балалар ертегілерді суреттеуі керек болды. Байқауға 70-тен астам бала қатысты. Байқау қорытындысы Семей қаласының балалар-жасөспірімдер кітапханасының Instagram парақшасында тікелей эфирде шығарылды. Жеңімпаздар мен қатысушылардың дипломдары мен алғыс хаттары ОКЖ сайтында орналастырылған.
Кітапхана жыл сайынғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына белсенді қатысады. 8 маусымда балалар үшін Дж.Роулингтің «Харри Поттер мен жасырын бөлме» романы бойынша «Приключения юного волшебника» атты бейне-круиз өткізілді. ».
Семей қаласының БК өз оқырмандары үшін Зира Наурызбаеваның, Лили Калаус «В поисках золотой чаши» повесі бойынша қызықты оқу сағатын өткізді. Презентация түрінде балаларға кітаптың негізгі сюжеті ұсынылды және екі жазушының биогафиясы егжей-тегжейлі ашылды.
Жазғы оқу бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді:
– «Путешествие в сказку» кітап театры (Instagram);
– Балаларды қорғау күніне арналған «Веселый мир детства» ойын-саяхаты;
«Оқитын қала», «Оқитын автобус», «Буккроссинг», «Библиосумерки» акциялары, флешмобтар, челлендждер дәстүрге айналды.