Айдарбекова Ақерке Айдарбекқызы, 15 жаста.
ШҚО, Ақжар ауылы «Балалар өнер мектебі» КММ –нің 10 сынып оқушысы.
Айдарбекова Ақерке: Жазушы Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңі барша балаларды оқуға, білімге шақырады.Сондықтан бұл суретімде білімді кітаптан алатын болғандықтан, том- том кітаптарды бейнеледім. Ы.Алтынсариннің бұл өлеңіндегі «Оқысаңыз балалар шамнан шырақ жағылар…» деген үзіндіні ала отырып, кітаптан шыққан жарық сәуленібілімді болашақтың символы ретінде бейнеледім.
Айдарбекова Ақерке: Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің «Ананың сүюі» өлеңінде ананың баласына деген махаббаты ыстық екенін жеткізген. Мен бұл суретімде ананың ыстық құшағындағы баланың алаңсыз тебіреніп жатқанын және аналардың махаббатын суреттедім.
Кел, балалар, оқылық
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Істің болар қайыры
Бастасаңыз Аллалап.
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.