“Маленькие таланты” жобасы аясындағы кезекті кездесу 2022 жылдың 11 мамырында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің «Шәкәрім атындағы № 1 орта мектеп» КММ-нің спортшы балаларымен өтті. Олар облыстық, республикалық деңгейде жеңіске жетіп жүрген: боксшы – Боранбаев Дарын, Рахымбай Нұрдәулет, Әуезхан Нұртілек, дзюдо чемпионы – Черияздан Ерасыл. Кездесу бірнеше бөлімдерден тұрды. «Спорт – менің өмірім» бөлімінде әр талант иесі спорт жолындағы жетістіктері мен табысқа жету құпияларымен бөлісті. Ал оқырмандар спортшыларды қызыға тыңдап, спорт жайында қойылған сұрақтарына жауап алды. Кезекті «Шынықсаң – шымыр боласың» бөлімінде көрермендермен бірге қазақтың ұлттық «Арқан тартыс», «Асық ату» спорт ойындары ойналып, ұлттық спорт ойындары туралы мол ақпараттармен танысты. “Спорт – денсаулық кепілі” бөлімінде балалар әртүрлі спорт түрлерін сипаттайтын, салауатты өмір салтының құпияларын ашатын белгілі олимпиадашылар туралы әңгімелейтін кітаптармен танысты.