Төлеубек Шағала
***
Сырласым боп қара өлең,
Арманға бірге барады.
Өзен боп тасып қара өлең,
Арындап, шалқып ағады.
Өлеңім-жалғыз серігім,
Түсінер өзге мені кім?
Мақсат пен үміт жұптасқан,
Өлеңім, өзің сенімім.
Өлеңім менің барында,
Шабытым менің арында.
Өлеңмен әрілеп әлемді
Алқасын жырдың тағында
***
Сезімімді алдадым өзгеменен,
Ұмытар деп жүрегім мәңгілікке.
Олай болмай айналдым әңгүдікке,
Қарай алмай сұлулық, сәнділікке.
Ұмытамын дегенмін, өшірем деп,
Сезімге масаттанып көсілем деп.
Келсең егер қасыма қайта айналып,
Айтар едім жүрекпен кешірем деп.
Бәріміз де барамыз қара жерге
Көрінеміз мәңгі бақи өлместей,
Қараңғылық қара жерден көрместей.
Біреуге ерте, біреуге кеш бір өлім,
Келері анық хабар беріп тілдеспей.
Көрінеміз жасайтындай мың жылды,
Келер ажал болжап оны кім білді?
Жер үстінде құлшылық ет бас иіп,
Алар Алла қалай берсе Құзғынды.
Көрінеміз жер беті мәңгі мекендей,
Жер асты бізге бармайтын жердей,бөтендей.
Бұл ғұмыр бізге уақыттық сынақ білгенге,
Қарысар жағың сөйлесеңдағы шешендей.
Көрінеміз, ұстағандай дүниенің тұтқасын,
Білеміз бірақ, бұйрықсыз құс та ұшпасын.
Алланы- сүй, Құранды- сыйла жамағат,
Азаннан басқа бейтаныс әуен шықпасын.