Балалар жазушылары

Тұрсынбаев, Бәделқожа

Тұрсынбаев, Бәделқожа (1905-1967) балалар жазушысы.

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Батпақты Бұлақ ауылында дүниеге келген. Ауылдық кеңесте хатшы, Семей облыстық «Екпінді» газеті редакциясында қызметші, Алматы облысы Байсерке орта мектебінде директор және мұғалім қызметтерін атқарған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын сырттай оқыған. Қазақ КСР-не еңбек сіңірген мұғалім атағының иегері.

Шығармашылығының 30-дан астам жылын балалар әдебиетіне арнаған. Оның көптеген әңгімелері мектеп оқулықтарына енгізілген. «Базар батыр» (1942) поэмасының, «Көңілді балалық» (1955) атты өлеңдер жинағының,  «Түлкі мен қораз» (1959), «Не қымбат» (1961) әңгімелер жинағының, «Біздің ауылдың жігіті» (1962), «Ауыл мұғалімі» (1967) повестері және т.б. шығармалардың авторы.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған