Дарынды балақай

Тілеубай Мұхаммед

Тілеубай Мұхаммед

 

                         ***

Шабыт кейде келеді, түн ішінде.

Өткеніменен келетін күн үшін бе?

Ойдың үзік, қиялмен армандары,

Тоғысады тағдырдың жүрісінде,

 

Арман деген ұқсайды санамаққа.

Шынымен бұл өмірде баға жоқ па?

Жете алмадым ауылым саған қарай,

Сағыныштан айналдым пана жоқға.

 

Естісем туған елдің әуендерін.

Оқысам туған елдің өлеңдерін.

Тең келмей қалады екен, туған жерге,

Мақтайтын анау, әсем әлемдерің.

 

Жарылқағыш тәңірім, жар болар ма?

Әлем жолы сан соқпақ, тар болар да…

Қосылып сағынышқа асқақ арман,

Айналды жүрегіме, зар толарға.

 

                          ***

Жалғыздық айналғанмен серігіме.

Ие болдым кей жанның сеніміне.

Көргем жоқ, азырқаным аз күніме,

Алла берер, нығметін пейіліме.

 

Ауыр сөзбен, біреуді боқтағам жоқ.

Ғайбат айып сыртынан, даттағам жоқ.

Көңілімді талай жан қалдырса да,

Қазақ ғой деп, кек оған сақтағам жоқ.

 

Біреудің ала жібін аттағам жоқ.

Өтірік сөзбен елді алдап, оттағам жоқ.

Сенде менің сыртымнан сөкпе қарап,

Нағыз қазақ, қазаққа атпаған оқ.

 

Жақын көрем, қазақтың әр ұлдарын.

Жақсы көрем, қазақтың бар қыздарын.

Жақын тартшы меніде, бауырларым,

Таусылмайды сендермен ән, жырларым.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған