Мен, Тоқымбай Разия 06.05.2005 жылы дүниеге келдім. Жастайымнан сурет өнерімен, оригами, мүсіндеу сияқты бейнелеу өнерінің түрлеріне қызықтым. Тек сурет салу туралы айтсақ, мен оны 3 жасымнан бастадым. Ал мектеп табалдырығын мен 6 жас толғанда аттадым. Қ.Нұрғалиев атындағы мектеп гимназиясында білім алдым (кейін лицей).
Мектеп кездерінде менің шығармашылыққа деген ынтамды оятқан сабақ-бейнелеу өнері пәні. Сол пәннен берген құрметті Нұрбақыт Асқарқызы. Алғашқы да менің суреттерімді көріп айтарлықтай мән бермейтін, алайда кейін ол мені шағын конкурстар мен сайыстарға шақыра бастады. Ол кездер маған ең қызықты да тартымды шақтардың бірі болды. Себебі, әр конкурсқа салатын суретімнің (жұмысымның) мәні мен шындығын келтіру, егжей-тегжейлі заттарды пысықтау қызықты болды. Жарыстарда алған марапаттар мен медальдар саны аз болса да, маған ол “алға жылжы!” деген шабыт берді. Конкурстарда көбінесе жүлделі орындардың иегері болдым.
Қазіргі таңда, Абай атындағы гуманитарлық колледжінің “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” мамандығы бойынша білім алудамын. Бірінші курс тәмамдадым. Кураторымыз Ғалия Мүбараковна біліктігі мол, іздемпаз ұстазым. Бос уақытымда кітап оқығанды жақсы көремін.
Ұстазым-ұлағатым, үлгі өнегем
«Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы» дейді халық арасында. Ұстаз- ерекше құрметпен бағалайтын адамдардың бірі. Өмірде көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті қажет етіп тұратын мамандық-ұстаздық мамандық. «Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» депті қазақтың көрнекті ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсарин. Мұғалім оқушының жетістіктеріне бірге қуанып, әрдайым қолдап жүреді, бар білгенін үйретеді, көмектеседі. Ал болашақта оның үмітін ақтау- біздің парызымыз.
Мектепте әр оқушының өз сүйікті ұстазы болады. Ұстаз біздің тұлға болып қалыптасуымызға үлкен үлес қосады.Менің де сүйікті ұстазым бар. Ол кісі маған сурет сабағынан бірінші сыныптан бастап сабақ беріп келе жатқан ұстазым-Нұрбақыт апай. Мұғалімім әрдайым бейнелеу өнерінің қыр-сырымен бөліседі. Сол үшін ол кісіге айтар алғысым шексіз. Мұғаліммен бірлесіп көбінесе гуашь, пастель, акварель сияқты бояу жабдықтарымен сурет саламыз.Ұстазым бастауыш сыныпта бейнелеу өнерінің графика, кескіндеме өнеріндегі әр түрлі материалдардың ерекшелігімен таныстыра отырып, портрет, пейзаж, анималистика және натюрморт жанрларында суреттер салдыртқаны әлі есімде. Сондай кездерде сурет салудың техникасы мен әдіс-тәсілдері арқылы әсерлігін көрсету үшін бар күш жігерін жұмсады. Портрет кескінін салу кезінде мұғалімім бет-әлпетке қайғы-күйініш, қуаныш сияқты эмоцияларды салудағы түп нұсқасы мен ұқсастығы ең маңызды деп айтқан. Сол шартты әлі ұстанудамын. Алтыншы сыныпта бейнелеу өнері сабағында сәулет өнері жайында мұғалім монументтік өнер түрінің ерекшелігін баяндап берген болатын. Сәулет өнері жайлы айтқаны менің сезіміме мейілінше әсер етті. Уақыт өте келе архитектор жасаған құрылыстағы ерекше жерлерді аңғара бастадым. Болашақта архитектор боламын деген ой санамда жарқ етті.
Сурет салғанда өзімді бір бөлек әлемге кіргендей сезінемін. Қолым қалт етсе, бірден қылқаламмен ойымдағыны ақ бетке түсіргім келіп тұрады. Сол ойымдағы суретті қағаз бетіне түсіру кезінде ұстаздың көмегіне жүгінемін. Нұрбақыт апай сияқты балаларға дәріс бергім келеді. Мен сол себепті ұстазымның портретін салдым. Портретті салу қиындыққа соқпады, себебі мен өз мұғалімімді құрметтеп үлгі тұтамын. Мен мұғалімім Абызбаева Нұрбақыт апайдың жұмысына шығармашылық табыстар тілеймін!
Тоқымбай Разия Кемелқызы, 9 «Б» сынып оқушысы.
«Қ.Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейі»