Балалар жазушылары

Титаев Евгений Алексеевич

1957 жылы 29 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келді. Орта мектепті  бітірген соң медициналық училищеге оқуға түсті. Онда тау туризіміне қызығушылық таныта бастады, көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысты. Газеттегі  алғашқы өлеңдері осы кезеңде жарияланды. Медучилищеде оқып жүріп, Н. Чернова басшылық еткен «Иртышские огоньки» әдеби бірлестігіне бара бастады. Евгений Титаевтың өлеңдері, әңгімелері, повестері мен ертегілері газет-журналдарда жиі жарияланып тұрады. Оның «Доктор Стук» (Алматы, 1982), «Иртышанка» (ұжымдық жинақ, Алматы), «Горизонт» (Алматы, 1986) өлеңдер жинақтары бірінен соң бірі шыға бастады. Евгений Титаев көп ұзамай прозада өзін сынап көреді, шағын әңгімелер жазады. Содан кейін ол балалар әдебиетінің үлкен континентін ашты. Мәселен, 1986 жылы «Жалын» баспасынан алты шағын әңгіме-ертегіден тұратын «Сказки моего города» кітабы жарық көрді. «Дорога чародеев»  повесть-ертегісі 1995 жылы республикалық «Простор» журналында жарияланды.

Е. Титаев – көп жанрлы автор. Оны әңгімелер мен өлеңдер ғана емес, драматургия да қызықтырды. Семейдегі Достоевский атындағы театрында «Ветерок, давай дружить!» атты пьеса-ертегісі сахналанды (1998).

Семейлік композиторлар Г. Ахунжанов, В. Коротков, О. Жәнияровтармен бірге ақын бірқатар әндер жазды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған