Балалар жазушылары

Сегізбаев, Кәдірбек Сауырұлы

Кәдірбек Сауырұлы 1941 жылы 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Жарсу ауылында дүниеге келген. 1960 жылы Зайсан қаласындағы қазақ орта мектебін бітірген соң, ұжымшарда екі жыл жұмыс істеп, 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. 1967 жылдан бастап баспасөз саласында – «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газеті, «Білім және еңбек» («Зерде») журналы, «Жалын» альманахы редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болып істеді, баспагерлік саласында («Жалын» баспасы, «Қазақ энциклопедиясы», «Санат», «Атамұра» баспаларында) Бас редактордың орынбасары, бөлім меңгерушісі, Бас редактор, баспа директоры қызметтерін атқарды. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағының және журналистер одағының мүшесі.

Алғашқы әңгімесі республикалық баспасөзде 1968 жылы жарық көрді. «Жап-жасыл әлем» повесі жастар мен жасөспірімдерге арналған шығармалардың республикалық жабық сайысында 1981 жылы бірінші жүлдеге ие болса, «Біз қалада тұрамыз» жинағы үшін оған 1984 жылы Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы сыйлығы берілді.

А.Лихановтың «Менің генералым» романын, словак жазушысы М.Дрючкованың «Ақ ханша» ертегілерін, поляк ғалымы Б.Залескийдің «Қазақ даласының өмірі» (2003) және К д’Оссонның «Шыңғысханнан Әмір Темірге дейін» (2003) деректі хикаяттарын, Ивлин Воның «Брайдсхедке оралу» романын, повестерін (2006), «Көне романдар мен әңгімелер» (Ахиль Татии, Лонг, Лукиан) (2006) кітаптарын аударған

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған