Меламед, Геннадий. Рақмет [Мәтін] / Г. Меламед. – Харьков : Ранок, 2020. – 12 б. – (Сыпайы болып үйренеміз)
Көк бөлтірік орманда күні бойы армандайды : «Көлігім болса ғой, шіркін қолымда, Жолбарысты, керік пен торайды жүрер едім серуендетіп орманда» – деп. Армандап жүріп орман шетіне келсе, аңдардың бәрі жиналып отыр екен. Бәрі Сиқыршы періні ортаға алып, сөйлесіп тұр. Таяқшасын сермеп жіберіп ақ пері, Борсыққа жап-жана тікұшақты сыйлады. Риза борсық : «Рақмет!» – деді қуана. Оны көрген борсық «Ойыншық керек маған да!» – деп ақырды. –Әрине! – деді де пері мейірлене Самосвал сыйлады бөлтірікке. Бөлтірік көлігін ала сала, тістерін ақситып, орманға кетті. Көлікті алып орманға жеткенде Самосвал ғайып болды бір мезетте. Неге олай болды деп ойлайсыңдыр балалар? Бөлтірік қандай сиқырлы сөзді айтуды ұмытты?