ӨСКЕМЕН-1-РИДДЕР бағытындағы жолаушылар жүрдек пойызымен кітапханамыз «Жолдағы кітаптар сапары» атты жоба бойынша ең алғашқы шараны ұйымдастырды. Вагондардың қабырғаларында жерлес ақын – жазушылардың дәйексөздері бар плакаттар және 2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылынның логотипі, кітап мұқабалары ілініп, ақындардың өлеңдері оқылды. Өскемен- Риддер пойызбен бара жатқан жолаушыларға жолда зерікпеу үшін тегін кітаптар таратылып, сөзжұмбақтар шешіліп, өлкеміз жайында қызықты ақпараттар берілді.