Кітапханалық туризм

«Жолдағы кітаптар сапары» акциясы

Жайдарлы жаздың алғашқы күнінде «Жолдағы кітаптар сапары» жобасы өз бастамасын жалғастырды. Биылғы жылдың бастапқы сапарын «БелАлекс» фирмасының қолдауымен теплоходта өтті. Саяхат «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балалармен болды. Балаларға «Мөлдір бұлақ», «Балақан», «Балалар әлемі» журналдарындағы қызықты мәліметтер айдарындағы әңгімелерді кітапханашылар дауыстап оқып берді. «Өзіміз жасаймыз» айдары бойынша олар қағаздан қайық жасады. Кітапхана қорындағы балаларға арналған «Жануарлар туралы ертегілер», «Әйбат ертегілер», «Менің сүйікті ертегілерім», «Әжемнің ертегілер жинағы», «Өнегелі ертегілер» кітаптары таныстырылды.  

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.