Шұғыласын төгіп тұр,
Көгімізде алтын күн.

Құтты болсын мерейлі,
Қос мереке жалпыңның!

Құдыретті домбыра,
Айна-көзі салтымның.
Астана – ел ордасы,
Мәртебесі даңқымның.
Арта берсін бірлігі,
Қасиетті халқымның!
Күйдің құдыретін, домбыраның қасиетін түсінетін ұрпағымыз аман, болашағымыз жарқын болсын!