Серікжанова Ақнұр Серікжанқызы 29.12.2005 жылғы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құйғанда дүниеге келген, сол ауылда мектеп қабырғасында жүріп өнерге ден қойып, өлең жазуды қолға алынды. Ерекше дарынымен көзге түсіп жүрген, тума талант иесі. Республикалық, облыстық, аудандық т.б жыр мүшәйрасының жеңімпазы. Жаста болса көптеген жетістікке жетіп, бас жүлде, Гран при,кубок т.б жүлделі орындарды еншілеп келеді. Өте қарапайым от басынан шыққан,өзі де елге сыйлы, ақылы толған, дарын иесі. Болар баланың бетін қақпа,белін бу дегендей, Ақнұрмен алғаш таныстығым Облыстық мүшайрада Желтоқсан құрбаны Сәбира Мұхамеджанова апайымыз,ұйымдастырылған додада еді. Жарысқа ерекше туынды жазып көзге түсті. Мен қазылықта отырдым. Арнайы жүлде Серік Жұматов атындағы, жүлдені алды. Содан бері Ақнұрмен тығыз байланыс, болашаққа бағыт- бағдар жасап келеміз. Болашағынан зор үміт күттіретін жас ақын. Өзіме шәкірт етіп, кем кетігімен, шама келгенше жұмыс жасаудамын. Мен Ринат Қожахметов Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылы 1985 жылы,07,07 дүниеге келдім. Түйеге әт шу деген демеу демекші, жастармен жұмыс жасап келемін. Ақнұр шәкіртіме жазар жырларың таусылмасын деп тілеймін.
Әлихан Бөкейханұлының рухына
(155 жылдық мерейтойына)
Маңдайға мәртебе ғой мұндай дерек,
Тұтасқан тұман емес күн,ай керек.
Тамырын татулықтың тереңдеткен,
Алашқа сая болған сен бәйтерек.
Қайғы жұтып қалың қазақ қамы үшін
Туғып ұстап ел бірлігін намысын.
Соқпағы жоқ, соқтықтағы заманды,
Мыңмен жалғыз арпалысқан арысым!.
Қозғайыншы ойымды тереңінен,
Асып-тасып сөздерім кемерінен
Қыл үстінде жол тауып жүре білген,
Қиын шақта жадырап күле білген.
Ұлығым деп ұлтын сүйген ұланды,
Тұнығым деп тамсанумен өтермін-
Қанатына күн қондырған қыранды,
Байрағыммен бірге көкке көтерем.
Ел болдық егеменді дес бермейтін,
Тұлпар болдық топ жарып, төске өрлейтін.
Қазақ дейтін қаһарлы ұлдары бар,
Елдіктің түйір тасын қастерлейтін.
@Серікжанова Ақнұр Серікжанқызы