«Кітапханалық туризм» жобасы бойынша облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының өлкетану орталығының кітапханашылары сапарға шықтық. Алдымен, Ақбауырға барып онда ғылыми археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан жерлесіміз, тарих ғылымдарының докторы, ғалым, археолог Зейнолла Самашевпен жолығып, болашақтағы жоспарларымен таныстық.
Ұлан ауданы Бестерек ауылында «Археологтар үйі» археологиялық кешені мен Шөже мектебінің мұражайын салу жоспарланған екен. Осы игілікті істің жүзеге асу тынысымен де таныс болдық.
Зейнолла аға осы ауылда өткен балалық шағы, қазіргі таңдағы жетістіктері туралы аса зор тебіреніспен баяндады. Кездесу соңында жерлес ағамызға амандық тілеп, болашақта бұдан да зор табыстарға жетуіне тілектестік білдірдік.