Uncategorized

Айдана мен Ақжолтай.

Айдана мен Ақжолтай. Әңгімелер мен хикаяттар /

Әбділдабек Салықбай. – Алматы: «Томирис 21», 2021. -192 бет.

Жас дос! Бұл кітапқа өздерің сияқты балдырғандарға арналған бір топ шығарма енген. Осынау шап-шағын әңгімелер мен хикаяттарды зер сала оқысаң, Айдана, Асылтай, Құралай, Нұрәділ, Санжар және Нартай есімді жаңа достар табарың анық. Айдана мен Құралай сені сұлулық пен ізгілікке шақырса, Нұрәділ, Санжар және Нартай есімді достарың табандылық пен төзімділікті, қайсарлық пен ыждағаттылықты үлгі етеді. Тек өзің жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге жалықпасаң болғаны.

Автор басқа да шығармаларындағы ұлттық бояуға бай, ізгілікке іңкәр кейіпкерлері арқылы өзің сияқты балғын оқырмандарды ізгілікке, имандылыққа, жасампаздыққа үндейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.