Таза ауадағы интерактивті кеңістікке шақырамыз! Онда оқырмандар танымдық ақпараттар алып, уақыттарын пайдалы өткізе алады.

Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына арналған сайт
Таза ауадағы интерактивті кеңістікке шақырамыз! Онда оқырмандар танымдық ақпараттар алып, уақыттарын пайдалы өткізе алады.
Асқар, О. Балалар әлемі : өлеңдер, аңыздар, поэмалар, жұмбақтар, жаңылтпаштар [Мәтін] / О.Асқар. – Алматы: Жалын, 2021. – 672 б. Автордың «Балалар әлемі» деп аталатын бұл кітабында бөбектерді жіті қадағалау барысында жазылған бала тілінің бал екенін дәлелдейтін қызықты сөз, іс-әрекет қылықтары, үйдегі, мектептегі, каникулдағы үлгілі, өнегелі өмірлері нанымды да көркем, көңілді көрініс табады.
Айдана мен Ақжолтай. Әңгімелер мен хикаяттар / Әбділдабек Салықбай. – Алматы: «Томирис 21», 2021. -192 бет. Жас дос! Бұл кітапқа өздерің сияқты балдырғандарға арналған бір топ шығарма енген. Осынау шап-шағын әңгімелер мен хикаяттарды зер сала оқысаң, Айдана, Асылтай, Құралай, Нұрәділ, Санжар және Нартай есімді жаңа достар табарың анық. Айдана мен Құралай сені сұлулық пен ізгілікке …
Алдар көсе [Мәтін] : қазақ халық ертегілері / құраст. Г. Ақжолова. – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2021. – 144 б.: суретті Алдар Көсе – қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Аңыз-әңгімелерде өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Алдар көсе қазақтың нанымында халықтың қамқоршысы ретінде белгілі. Оның әр қарекеті бай, менменсоқ, зорлықшыл адамдардың …
Алпамыс батыр [Мәтін] : эпостың баяны / құраст. А. Сейдімбек. – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2021. – 180 б.: суретті Халық ауыз әдебиетінін телегей-теңіз мол мұра десек, сол теңізді құрайтын аса ауқымды арнаның бірі — эпикалық жырлар. Ал солардың ішіндегі ең бір келісті де көрнектісі «Алпамыс батыр» жыры екені даусыз. Автор осы жауһар туындыны оның көркемдігі …
Әр іс жақсы ниетпен. 1 маусым балаларды қорғау күнінде «Ана үйіндегі» балаларға дәстүрлі түрде барып, бүлдіршіндерге кітаптар сыйлап, олармен бірге ойнап, шаттандырып бір қуантып қайттық. Арнайы уақыттарын бөліп бізбен бірге барған Niet Woman қауымдастықтың мүшелері балғындарға түрлі тарту-таралғын жасап, сыйлықтарын берді. Балаларға ерекше жарқын көңіл-күй сыйлағандары үшін, жас аналар ризашылықтарын білдіріп, өздерінің және бүлшіндердің атынан …
Жайдарлы жаздың алғашқы күнінде «Жолдағы кітаптар сапары» жобасы өз бастамасын жалғастырды. Биылғы жылдың бастапқы сапарын «БелАлекс» фирмасының қолдауымен теплоходта өтті. Саяхат «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балалармен болды. Балаларға «Мөлдір бұлақ», «Балақан», «Балалар әлемі» журналдарындағы қызықты мәліметтер айдарындағы әңгімелерді кітапханашылар дауыстап оқып берді. «Өзіміз жасаймыз» айдары бойынша олар қағаздан қайық жасады. Кітапхана …
“Маленькие таланты” жобасы аясындағы кезекті кездесу 2022 жылдың 11 мамырында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің «Шәкәрім атындағы № 1 орта мектеп» КММ-нің спортшы балаларымен өтті. Олар облыстық, республикалық деңгейде жеңіске жетіп жүрген: боксшы – Боранбаев Дарын, Рахымбай Нұрдәулет, Әуезхан Нұртілек, дзюдо чемпионы – Черияздан Ерасыл. Кездесу бірнеше бөлімдерден тұрды. «Спорт – менің өмірім» бөлімінде …
Қазақстанда Балалар жылы аясында өлкеміздің дарынды балаларына арналған «Маленькие таланты» жобасы жыл көлемінде іске асырылады. Ол 6-14 жас аралығындағы дарынды балалармен кездесу циклін құрайды. Наурыз айында өткізілген кездесудің алғашқы қонағы дарынды қабілетімен көзге түсіп, өте ақылды бала атанып жүрген Өскемен қаласы білім бөлімінің «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ 4-сынып оқушысы Әбілмансұр Алмазұлы өз қызығушылығымен, …
✅Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Жарқын болашақтың кепілі балалардың санасына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, мәдени, әдеби қолдау көрсету, олардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту мақсатында кітапханамызда бүлдіршіндерге арналған әртүрлі жанрдағы кітаптардан «Балалар кітап әлемінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. ✅Осы орайда кітапхана қызметкерлері облыстық «Алтай» телеарнасына сұхбат беріп, балалар жылында кітапханамызда атқарылатын …